Аймақтар • 04 Сәуір, 2019

Алдағы үш күнде елордада құбылмалы ауа райы сақталады

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алдағы үш күнде елордада құбылмалы ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжамынша, ертең елордада бұлтты болады, аздаған жауын-шашын, қар жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстікке өзгертіп, оның жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 °С, күндіз +5...+7 °С. 

6 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 0...-2 °С, күндіз +5...+7 °С көрсетеді. 

7 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5 °С, күндіз +8...+10 °С құрайды.