Қазақстан • 04 Сәуір, 2019

Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізіне Өзбекстан қосылатын болды

759 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда жалпы халықаралық көліктік дәлізімен жүк тасымалын ары қарай дамыту мәселелері бойынша Қазақстан, Қытай, Иран, Түркменстан және Өзбекстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізіне Өзбекстан қосылатын болды

Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізімен өткен жылы жүк тасымалы 1 мың ЖФБ құрады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов атап өткеніндей, контейнерлік жүктер ағыны әсіресе Өзбекстанға және Болашақ станциясы арқылы Иранға артып отыр. Аталған дәлізге Өзбекстанның қосылуымен ол айтарлықтай қысқарды.

«Қытайдан біздің елімізге және өзге де бағыттарға жүктер транзитін дамыту үшін қолайлы тарифтерді әзірлеу және өзге де жағдайларды жасау маңызды», - деді Қ.Әлмағамбетов.

Келіссөздер барысында тасымалды арттыру үшін жүктерді дер кезінде жеткізудің маңызы атап көрсетілді. Осыған байланысты фитингтік платформаларға сұранысты қанағаттандыруға ерекше назар аударылуда. Қазақстандық тарап жүкжөнелтушілерді жылжымалы құраммен толық қамтамасыз етуге міндеттеме алып отыр.

Кездесуде тиелген контейнерлер үшін 2019 жылы Қытай – Қазақстан – Өзбекстан – Түркменстан – Иран дәлізі бойынша тарифтік шарттарды орнату және тұрақты контейнерлік сервистерді ұйымдастыру, ИИР – ҚХР бағдарына қосымша жүктерді тарту мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Ақтау – Алят бағдары бойынша тұрақты фидерлік сервис іске қосылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізіне Өзбекстан да қосылады. Жақтар аталған бағдар бойынша контейнерлік тасымалдарға өзбекстандық тараптың қатысуы туралы шешімге келісмдерін берді.

Жақтар сонымен қатар кешенді тарифтік ставкаларды келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.