Аймақтар • 04 Сәуір, 2019

Ақтөбе облысының әкімі Нидерланды елшісін қабылдады

606 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Коп мырзаны қабылдады.

Ақтөбе облысының  әкімі Нидерланды елшісін қабылдады

Екі  жақты  кездесу  барысында  облыс басшысы  келген қонаққа  Ақтөбе өңірінің  экономикасы  жайлы айтып  берді. Сондай ақ, ауылшаруашылығы,  цифрландыру жүйесі,  жасыл  экономикалық аймаққа айналдыруға қатысты  инвестициялық  жобаларды күтетінін айтты. Жаңа  жобаларға  қатысты   өзге мемлекеттерден де көптеген  ұсыныстар  түсуде. Облыс әкімі  инвестициялық  ұсыныстардың барлығына да орын табылатынын, әзірге нақты шешім  қабылданбағанын  атап өтті. Оңдасын Оразалин Елбасының тапсырмасына сай, еңбек өнімділігін арттыру  басты мақсатымыз болып отыр және осыған байланысты барлық салада ұсыныстарды, жаңа технологияларды қолдауға дайын  екенін  жеткізді.  Себебі,   Ақтөбе  жан-жақты  логистикалық  дамуға  қолайлы аймақ. Сондықтан да, Шығыс пен Батысты  байланыстыруға толық   мүмкіндіктің  жететінін  айтып өтті.

Өз кезегінде, Нидерланды Корльдігінің   Қазақстан  Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті елшісі  Дирк Ян Коп мырза  алдымен  облыс басшысын жаңа қызметімен  құттықтап,  шақырту  алғанына  алғыс білдірді.  Дирк Ян Коп  Нидерланды мен Қазақстан  арасында  түрлі  салада  бірлесіп  жұмыс жасап  келе жатқандығын  айтып өтті. Нидерланды тамақ өнімдерін  өндіруде  АҚШ мемлекетінен кейінгі екінші орында тұрған ел. ҚР мен  ауылшаруашлығы саласында  жұмыс жасауда тығыз қарым-қатынас  орнағанын  да  тілге тиек етті.

Облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы елшіге Ақтөбедегі   құс  еті өнімдерін  өндіретін   ірі  жобалардың  барын  және  олардың санын  арттыру қажеттігін  жеткізді. Сондай ақ,  облыстағы  өзекті  мәселенің  бірі  жасыл  энергетика, жасыл  аймақ мәселесін  дамыту керектігін де  жеткізді. Соған орай  заман талабына сай,   жаңа   технологияларды пайдалана отырып,  қазіргі  жүргізіліп жатқан  жұмысты одан  әрі дамыту  қажет деді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан»  жобасын  жүзеге  асыру мақсатында «Смарт Сити» сынды жобаларға  қатысты инвестициялық  ұсыныстарды күтетінін  жеткізді. Облыс басшысы  О.Оразалин Нидерланды Корльдігінің   Қазақстан  Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі  Дирк Ян Копқа «Бұл Ақтөбеге   жасаған алғашқы сапарыңыз  біздің   өңірдің дамуына  ықпал етеді  деп сенемін.  Біздің  мақсатымыз, инвестиция  көлемін арттыру,  ауыл шаруашылығы саласын дамыту,   алдағы  уақытта біріге  тығыз  жұмыс жасаймыз»  деген сенімдемін  деді  аймақ басшысы.