Руханият • 04 Сәуір, 2019

Ғасырлық мерейтой білім ордасында аталып өтті

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Еуразия Ұлттық университетінің Саясаттану және журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті.

Ғасырлық мерейтой білім ордасында аталып өтті

Жиынға «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, шолушы Сұңғат Әліпбай, басылымның Мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Талғат Батырхан, Еуразия Ұлттық университетінің Саясаттану және журналистика факультеті деканы Қайрат Сақ, білім ордасының ұстаздары, студенттер қатысты. 

Іс-шараны ашқан Саясаттану және журналистика факультеті деканы Қ.Сақ «Егемен Қазақстан» басылымын мерейтойымен құттықтап, еліміздің бас басылымының ел баспасөзі тарихында алатын орны ерекше екенін атап өтті. 

Ал өз сөзінде Д.Қыдырәлі білім ордасына осындай игі шара өткізгені үшін алғысын айтып, еліміздегі бұқаралық ақпарат саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газеті басып шығарған бірнеше кітапты сыйға тартты.

Жиын барысында С.Әліпбай, Т.Батырхан секілді ақпарат қазанында қайнаған белгілі журналистер өз тәжірибесімен бөлісіп, журналиске қажетті ерекшеліктерді атап өтті.

Іс-шараға қатысқан студенттер қауымы көкейінде жүрген сауалдарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды.