Психология ғылымдарының докторы, бизнес-тренер, РФ кәсіби психотерапевтік лигасының халықаралық деңгейдегі ресми оқытушысы және мүшесі Гүлмира Аяпбергенова жүргізген тренинге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Абай ауданының әкімі Б.Парманов, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов бастаған 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік қарым-қатынасының ерекшеліктері, халықпен жұмыс істеудің психологиялық тетіктері, нақтырақ айтсақ, қызметтік саладағы шиленісті жағдайлардың алдын алу және реттеу себептері мен әдістері талқыланды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жиын барысында ойындар ойнатылып, аталған мәселе төңірегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге сұрақ-жауап ұйымдастырылды.