Руханият • 05 Сәуір, 2019

Шәкәрім шерткен домбыра

939 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ықылас атындағы ха­лық музы­калық аспаптар музейінде «Шәкәрім Құ­дайбердіұлының домбырасы музей сахнасында» ат­ты дәстүрлі музыкалық концерті өтті.

Шәкәрім шерткен домбыра

Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, сазгер. Абай­­дың­ інісі әрі ол негізін сал­ған реалистік әдебиет дәс­түр­лерін алға апарушы із­басары. Оның қаламынан туған сыршыл да терең ой­лы өлеңдері, «Қалқаман-Ма­мыр», «Еңлік-Кебек», «Нар­тайлақ-Айсұлу» сияқты оқи­ғалы дастандар, «Әділ-Мария» романы мен басқа да прозалық туындылары мен аудар­малары, сазды әуендері көңіл тербеген кешті қазақ­тың дәстүрлі және халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дарынды әнші Ер­лан Рысқали жүргізді. Бұл күнгі әуезді әндер ке­ші Талғат Әбуғазының орын­дауындағы Шәкәрімнің «23 жасымда» әнімен ашыл­ды. Халықаралық жә­не республикалық байқаулар­дың лауреаты Айнұр Жұ­мақадыр «Тыныштық жоқ,­ тыным жоқ», Нұржан Жан­пейісов «Ең қызық жастық», Ар­дақ Исатаева «Бұл ән бұ­рынғы әннен өзгерек», сонымен қатар күйші Мұрат Әбу­ғазы Шәкәрімнің күйі «Май түні», әнші Еркін Шү­кіман «Сұраған жанға сәлем айт», «Қорқыт. Қожа. Хафиз» әндерін тамылжыта орындады. Кештің түйіні ретінде Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғаным» әнін әуелете орындаған Ерлан Рысқали концерттік бөлімді аяқтаған тұста музейге салтанатты жағ­дайда Шәкәрім қажының төл домбырасы табысталды. Енді Ықылас музейінің төрінде Шәкәрімнің бебеулеткен қасиетті домбырасы тұратын болады.

Шәкәрім қажының дом­бырасы ұзақ жылдар бойы қа­зақ руханиятының жанашыры меценат Медғат Құл­жановтың қолында сақ­талып келді. Бұл асыл жәдігер Мед­ғат Құлжановтың қо­лы­на әкесінен қалған дү­ниелердің қатарында бол­ған екен.  Жарықтық, Шә­кәрімнің бебеулеткен домбырасы..

Қайран да қайран жыл­дар-ай дерсіз...

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Egemen Qazaqstan»
 АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024