20 Наурыз, 2012

Жаңа төраға

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа төраға

Сейсенбі, 20 наурыз 2012 8:08

Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаров Шығыс Қа­зақ­стан облысына ресми іссапар­мен келді. Ол Кенді Ал­тайға жаңадан тағайындалған облыс­тық соттың төрағасын таныс­тырды.

Бұл іс-шараға облыс әкімі Б.Сапарбаев қатысты.

Елбасы Н.Назарбаевтың үс­тіміздегі жылғы 12 нау­рыз­дағы Жарлығымен Шығыс Қа­зақстан облыстық сотының тө­рағасы қызметіне  тағайын­дал­ған Абай  Рахметулиннің өмір­лік тәжіри­бесі мол, бұған дейін Жоғарғы Соттың судьясы, 2007 жылдың 19 жел­тоқсанынан екі жарым миллион халқы бар Оң­түс­тік Қа­зақ­стан облыстық соты­ның  төр­­аға­сы қызметін же­місті ат­қар­­ды. Біз іскер де тә­жі­рибелі бас­шыға  сенім артамыз, сот тө­ре­лігінің сапалы жүзеге асуына үлес қоса береді  деген сенім­де­міз, деді   Жоғарғы Сот төр­аға­сы Бектас Бекназаров.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев об­лыстық және аудандық сот­тар­дың жаңадан тағайын­дал­ған төр­аға­ларын құттықтап, өңірдегі сот  билігінің беделін дамытып, адал еңбектерімен жұрт сенімінен шы­ға беру­леріне сәттілік тіледі.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

Өскемен.