Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Шымкентте жылжымалы емхана демалыс аймағында халыққа медициналық қызмет көрсетеді

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік дәрігерлер «7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні» Ұлттық бағдарламасы аясында «Сау болу-сәнді!» ұранымен ашық есік күнін ұйымдастыруда.

Шымкентте жылжымалы емхана демалыс аймағында халыққа медициналық қызмет көрсетеді

Шара аясында 5 сәуірде қаладағы барлық емханаларда  тәжірибелік дәрігерлер қала тұрғындарын жолдамасыз қабылдайды.

Сондай-ақ  6 сәуір күні сағат 10:00-13:00 аралығында  Шымкент қаласындағы «Арбат» отбасылық демалыс аймағында  «Денсаулық» күніне орай ауқымды акция өтпек.

Онда жылжылмалы емхана демалыс орнында халыыққа медициналыық көмек көрсетеді. Акция барысында жоспарланған денсаулық қалашығында қала тұрғындары невропатолог, кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, нарколог, аллерголог, офтальмолог, фтизиатр, стоматолог, онколог, травматолог-ортопед дәрігерлерінің кеңесіне жүгіне алады. Сондай-ақ тегін  экспресс-анализдер тапсыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бір мезеттік жаттығу, викторина ойындары, спорттық көріністер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.