Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Ертең елордада №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жол 6 сәуірден жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ертең елордада №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады

«№ 46 бағдар бастапқы «Қарасу көшесі» аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Одан әрі қоғамдық көлік солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылы арқылы  соңғы «Арнау Т/К» аялдамасына жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қатынайтын болады», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясында . 

№ 70 бағдар бастапқы «Азамат» шағынмаркеті» аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз қатынайды. Одан әрі автобус солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылының бойымен соңғы «Арнау Т/К» аялдамасына дейін жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да аталған сызба бойынша жүретін болады.