21 Наурыз, 2012

Әлімжеттік – әлсіздің ісі

1630 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлімжеттік – әлсіздің ісі

Сәрсенбі, 21 наурыз 2012 8:18

Тұрмыстық зорлық-зомбылық. От басы-ошақ қасындағы ұрыс-керістің арты күш қолдануға, қол жұмсауға ұласса, анық­­­­та­­­­масын осылай беретін болдық. Ең өкі­­­­ніштісі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны көп жағдайларда әйелдер мен балалар болып жататыны. Өйткені ашуға бой алдырған қара күштің алдында әйел – әлсіз, бала – қорғансыз.

 

Сәрсенбі, 21 наурыз 2012 8:18

Тұрмыстық зорлық-зомбылық. От басы-ошақ қасындағы ұрыс-керістің арты күш қолдануға, қол жұмсауға ұласса, анық­­­­та­­­­масын осылай беретін болдық. Ең өкі­­­­ніштісі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны көп жағдайларда әйелдер мен балалар болып жататыны. Өйткені ашуға бой алдырған қара күштің алдында әйел – әлсіз, бала – қорғансыз.

Демек, күнделікті тіршілікте жекелеген отбасыларында әйелге зорлық көрсету оқи­­ғалары болатынын мойындауымыз керек. Мы­салы, ІІМ-нің аумақтық бөліністері отба­сы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жа­салатын зорлық-зомбылық дең­­­­гейін, нысандары мен тәсілдерін зерделеу мақсатын­да сауалнамалар, зерттеулер жүр­­­гізгенде, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көпшілігі әйелдерге қатысты болатыны дәлелденген.

Осы келеңсіздіктің алдын алу мақса­­­тында ІІМ Көліктегі ішкі істер департамен­­тінің Астана стансасы ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері өздерінің қызмет көрсету учаскесінде 2012 жылдың 12-14 наурызы аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақса­­­­­тын­да «Зорлық-зомбылықсыз үй» акциясын өткізді. Акцияны өткізу тобының жетек­шісі, Астана стансасы ішкі істер желілік басқармасының кә­­мелетке толмағандар ісі жөніндегі топтың аға инспекторы, полиция майоры Нұр­­­­­жан Абыздың айтуынша, акцияның бас­ты мақсаты әйел­­­­дер­ге қатысты зор­­­лық-зомбылықтың алдын алу, оны болдырмау, Астана стансасы ІІЖБ-нің қызмет көрсету учаскесінде орналасқан оқу орындарында, мекемелер мен ұйымдарда, жолаушылар пойыздарында тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған ақпараттық-насихат жұмыста­рын жүргізу болып табылады.

Акция барысында аталмыш топ мү­шелері – Астана стансасы ІІЖБ ККБ аға инспекторы полиция капитаны Данияр Ордабаев, Астана стансасы ІІЖБ жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру взводының командирі полиция аға лейтенанты Зейнулла Есенаманов, Астана стансасы ішкі істер желілік басқармасының кәмелетке толма­ғандар ісі жөніндегі топтың аға инспекторы полиция майоры Нұржан Абыз, Ақмола көлік прокуратурасы прокурорының кө­мек­шісі Айжан Тайбекова пойыз жолаушыларына жаднамалар таратып, сауалнама жүргізді. Заңгерлік ақыл-кеңестер алам деушілер прокурордың көмекшісімен жеке отырып әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Сауалнамалар елдің барлық өңірлерінде де жүргізілген және барлығы да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың бар екенін рас­­тайды. Қысқасы, тиісті органдарға, қо­­ғам­­­дық ұйымдарға, баршамызға өмір көр­кін б­ұ­­­затын осындай келеңсіз көріністерді болдыр­мау, алдын алу бағытында атқарар іс көп.

Даниел ШАЙЫНҒАЗИН,

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Соңғы жаңалықтар