28 Наурыз, 2012

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда басталған сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов былай деп білдіреді.

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда басталған сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов былай деп білдіреді.

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:23

Қазақстан қоғамы және халықаралық қауым­дас­тық ерекше назар аударған көптен күткен Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы басталды.

Сот көпшіліктің алдында ашық, айқын өтуде. Оған қазақстандық және шетелдік журналистер мен сарапшылар қатысуда.

Жанжал шығарушылар жаппай тәртіпсіздік жасауға байланысты жауапқа тартылғаны белгілі. Олар көп дүниені бүлдірді. Демек, мұндай әре­кеттер үшін қандай елде болмасын қылмыстық жауапқа тартылады.

Өйткені, қандай да бір игілікті мақсатқа заң­сыздық жолымен қол жеткізу мүмкін емес. Біздің Ата Заңымыздың 12-бабында, адам құқықтары жө­нін­дегі халықаралық шарттарда көрсетілгендей, адам құқын қамтамасыз ету өзге біреудің құқын таптау арқылы жүзеге асырылмауы керек. Сон­дық­тан да кез келген адам шеруге шығар болса, ол, ең алдымен, тыныш­тықты, тәртіпті сақтап, бүлдіру, қиратулардан аулақ болып, өзгенің құқын ойлауы тиіс.

Сонымен қатар, бұл процесті саясиландырудың қажеті жоқ. Менің пікірімше, мұндай қоғамдық бақылаудағы сот отырысы ашық та әділ өтеді.