28 Наурыз, 2012

Құқық қорғау тиімділігі артады

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құқық қорғау тиімділігі артады

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:55

Еліміздің Бас прокуратурасы Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы­мен, «Қазақстан Республика­сын­дағы сот және құқықтық рефор­малар­ды қолдау» атты Еуропа­лық одақ жобасы және «Адам құ­қықтары үшін хартиясы» қоғам­дық қорымен бірлесіп Алматы қаласында «Қа­зақстан Респуб­ли­касы Қыл­мыстық іс-жүргізу кодексі жаңа моделінің шеңбе­рін­дегі кінәсін мойындау туралы мәміле» тақы­ры­бында халық­ара­­лық дөңгелек үстел өткізді.

Онда Мемлекет басшысының қылмыстық істерді тергеу жүйе­сін оңтайландыру, құқық қорғау қыз­метін жетілдіру жөніндегі тапсыр­ма­ларын орындау аясында қыл­мыс­тық іс жүргізу заңын жетілдіру және шетелдердің ал­дың­ғы қа­тар­лы тәжірибесін қол­дану мәселелері талқыланды. Осы­ған орай жина­лысқа қатысу­шы­лар, соңғы онжыл­дықта Еуропа елдері іс жүргізу заңнамасын жетілдіру нәтижесінде сот өн­ді­рісін қарапайым жүргізуге қол жеткізді, оған әділет органы мен айыпталушының арасында келісім жасау да септігін тигізді. Осы­ның негізінде, ұлттық құқық­қа дамыған елдердің қылмыстық сот өндірісін белгілі бір деңгейде енгізу Қазақстан құқықтық жүйе­сінің талаптарына жауап береді. Осы ретте кінәсін мойындау ту­ралы мәміле институты қылмыс­тық процесті айтарлықтай жеңіл­детуге және жылдамдатуға, бюджет шы­ғы­нын азайтуға, тұтас­тай алғанда мемлекеттің құқық қорғау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.