Саясат • 05 Сәуір, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президентін қабылдады

1292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президентін қабылдады

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясының қазіргі жұмысы мен алдағы жоспарымен бөлісті. 

Сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінде тапсырылған міндеттердің орындалу барысын айтып берді. 

Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген бағыттардың орындалуы барысын да жеткізді. 

Сондай-ақ Д.Қыдырәлі Елбасыға Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен Түркі әлемінің тарихына арналған бірқатар кітапты таныстырды.