Мұндай мүмкіндікке жергілікті «Шахтер» футбол клубы мен «Дарынды бала» балабақшалар желісі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында қол жеткізілді.
Жоба авторларының бірі – «Шахтер» ФК-ның балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Наталья Сухорукованың айтынша, өскелең ұрпақтың ерте бастан спортпен дос болғаны ел болашағы үшін өте маңызды фактор.
Қазіргі уақытта жоба авторларының алдынан кесе-көлденең шыққан бір мәселе бар. Ол – балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушы кадрларының жетіспеушілігі. Әзірге қанатқақты жобаны жүзеге асыруға үш жаттықтырушы маман кірісіп кетті.
Аталған жобаға «Дарынды бала» балабақшалар желісінің құрылтайшысы Айнагүл Хамитова да үлкен үміт артады.
– Біздің жұмыстағы басты ұстанымыз – балалардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Ал футбол ұжымдық ойын болғандықтан, бұл іске қомақты үлес қосады деген ойламыз. Ең бастысы, жасынан спортпен айналысқан балалардың денсаулығы мықты болады. Сол себепті де біз мұндай жобаны қуана құптадық, – дейді А.Хамитова.
Қазіргі уақытта балалар аптасына екі рет футбол үйірмесінде доп тебеді. Айта кететін жайт, бұл үшін ата-аналар қосымша ақы төлемейді. Шығынның бәрін «Дарынды бала» балабақшалар желісінің басшылығы өз мойынына алған.
Қарағанды облысы