03 Сәуір, 2012

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын «Әлеуметтік әріптестік орталығының» төрағасы Әлібек БЕЙНЕШОВ былай деп білдірді.

278 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын «Әлеуметтік әріптестік орталығының» төрағасы Әлібек БЕЙНЕШОВ былай деп білдірді.

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 7:37

Жаңаөзенде басталған сот оты­рысы қалыпты жағдайда өту­де. Дегенмен, бірқатар жәбір­ле­нушілер айыпталушыларға тақ­қан талап-арыздарынан бас тартып отыр. Олар оқиға салдарынан келген шығындарын қайтару мақсатында арыздарын жазған болатын. Енді сот барысына көз жүгіртсек, жәбірленушілер осы талап арыздарын қайтып алуда.

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 7:37

Жаңаөзенде басталған сот оты­рысы қалыпты жағдайда өту­де. Дегенмен, бірқатар жәбір­ле­нушілер айыпталушыларға тақ­қан талап-арыздарынан бас тартып отыр. Олар оқиға салдарынан келген шығындарын қайтару мақсатында арыздарын жазған болатын. Енді сот барысына көз жүгіртсек, жәбірленушілер осы талап арыздарын қайтып алуда.

Бұл көпшілік арасында бірқатар сұрақтарды да туғызып отыр. Неліктен олар оқиғаға қатысты кінәлілерді тауып, шығындарын қайтарып беру туралы талап арыздарынан бас тартуда? Онда айыпкерлерді де босату керек емес пе? Әрине, бұған байланыс­ты түптің түбінде сот өз ше­ші­мін шығаратыны анық. Бірақ бұл үрдіске байланысты сырттай ба­қы­лау жасап отырған басқа да қоғамдық ұйымдар секілді менің де айтар өз ойым бар.

Жаппай тәртіпсіздікке (ҚК 241-бап) байланысты іс жәбір­ленушілердің (ҚІК 32-бап) арыздарынан тыс қозғалып отыр. Демек, Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты іс дүние-мүлкі бүлінген жәбірленген кәсіпкерлер тарапынан емес, керісінше, орын алған қылмыстың қоғамдық қауіп­ті­лі­гіне байланысты қозғалып отыр. Ендеше жәбірленгендер арыздары мен талаптарынан бас тарт­қандарымен сотталушыларға қыл­мыстық іс тоқтатылмайды. Жә­бір­ленгендер сотталушыларды ай­ып­таудан емес, азаматтық талап- арыздан бас тартты. Ал бұл жерде айыптаушы мемлекет мүд­­десін білдіретін прокурор болып табылады. Сондықтан да жәбір­лен­ген­дер Жаңаөзен қаласын­да­ғы жаппай тәртіпсіздік туралы іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолда­мады, дегенмен заң бойынша олар айыптаудан бас тарта алмайды. Заң тұрғысынан алғанда олардың әрекеттері азаматтық талаптан бас тарту ғана болып табылады.

Біреулер жәбірленгендер мү­лік­терінің бүлінгендері туралы айғақ беруі үшін оларға құқық қорғау органдары тарапынан қы­сым көрсетілді, сондықтан олар айыптаудан бас тартты дейді. Әйтпесе, олардың айыптаудан ж­әне азаматтық талап-арыздан бас тартуын қалай түсіндіруге болады? Сот неліктен бұған назар аудармайды дейді. Кәсіп­кер­лердің мүліктері бүлінген соң арызды олар құқық қорғау органдарына өздері жазды. Содан кейін олардан қылмыстық істі тергеу аясында ғана жауап алынды. Және қылмыстық істі тергеу немесе тоқтату жәбірленушілер­дің мәртебесі мен полицияға берген арыздарына байланысты емес. Қылмыстық іс бойынша 188 жә­бірленуші тіркелген. Олардың 155-і азаматтық талап арыз берген. Расында осы адамдардың бірқатары процесс барысында талап арыздарынан бас тартты.

Менің жеке пікірім бойынша, жәбірленушілер де кәсіпкерлер болғандықтан олар өз есептерін жақсы біледі. Ал өз өтініштерін қайтаруы, бұл біріншіден, атал­ған шығынды мемлекет тарапынан қайтарып алуды көздеп отыр. Егер сот шешімімен кәсіпкер­лер­дің шығынын қайтару айыпкерлер мойнына тағылатын болса, онда сотталғандар қашан, қайтіп, қалай жәбірленушілердің шы­ғын­дарын өтемек? Олардың әлеу­меттік жағдайы көтере ме? Демек, айыпкерлерді соттау кә­сіп­керлер үшін тиімді ме деген мә­селе туындайды. Сондықтан да жәбір­ле­нушілер сенімсіздік біл­ді­­ріп шы­ғынды сотталушылардан емес, мемлекеттен талап етіп отыр.

Екіншіден, Жаңаөзен шағын қала. Ондағы халық бірін-бірі жақсы таниды. Жақын танымаса да көршісі, туысқандары арқылы сырттай біледі. Демек, бұл тұр­ғыдан алғанда бірін-бірі білетін, танитын адамдар адамгерші­лік­тен аттай алмай отыр. Сыйластық қашанда жақсы қасиет. Ендеше сыйластықты, адамгершілікті жо­ғары қоятын халқымыз бұл жолы да байлықтан бірлік артық деп кешірімге келіп отыр деп есеп­теймін. Осы екі дерекке байла­ныс­ты жәбірленушілер өздерінің өтініштерін қайтарып алды деген пікірдемін.