Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын белгілі заңгер, сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты Зинаида Федотова былай білдірді:
Жұма, 6 сәуір 2012 7:53
Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот процесі өзге азаматтар секілді мені де алаңдататыны анық. Әрине, мен бұл туралы барлық ақпаратты әртүрлі бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарынан аламын. Сондықтан мен де аз-маз өзімнің ой-пікірімді білдіргім келеді.
Жұма, 6 сәуір 2012 7:53
Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот процесі өзге азаматтар секілді мені де алаңдататыны анық. Әрине, мен бұл туралы барлық ақпаратты әртүрлі бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарынан аламын. Сондықтан мен де аз-маз өзімнің ой-пікірімді білдіргім келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары аталған сот процесінде бейне, дауыс жазу, суретке түсіруге тыйым салынғаны туралы көп айтады. Кейбір журналистер бұл дұрыс емес, заң бұзушылық деп есептейді. Мен заңгер ретінде осы сот отырысын бақылайтындықтан, ақпаратты күнде осы БАҚ-тан жинаймын. Егер сот отырысы туралы ақпараттарды блогерлер жеткілікті ала алмаса, онда күнделікті дәл бұлайша өз ойларымен әлеуметтік желілерде, блоктарда бөлісе алмас та еді. Сондай-ақ, Интернет сайттар да онлайн режімінде көптеген ақпараттар беруде. Бұған қоса БАҚ өкілдері де сот отырыстарында тиісті ақпараттарды қағазға қажетінше түсіріп, жедел таратуда. Демек, менің ойымша, сот тиісті заңдарға байланысты жоғарыдағыдай шешімді шығаруға құқы бар деп есептеймін. Оның үстіне көптеген шет мемлекеттерде бейне, дауыс жазу мен суретке түсіруге қатаң тыйым салынған. Алайда, қазір біздің күнделікті сот талқылауы туралы тыңдап отырған мол ақпараттарымызға қарағанда, БАҚ үшін сот залынан қажетті заңға сай мәліметтерді алуына ешқандай кедергі жоқ секілді.
Сонымен қатар, Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының ұйымдастырылуы тұрғысынан сын айтып, оған саяси сипат бергілері келетіндер бар. Бірақ біз Маңғыстау облысының халқы тек бір ғана Жаңаөзен оқиғасымен өмір сүріп жатпағанын білеміз ғой. Онда өзінің репертуарлары арқылы көрермендерді тартып отырған мәдениет мекемелері, білім және тәрбие беріп жатқан оқу орындары барынша жұмыстарын жалғастыруда. Ендеше олардың жұмыс ырғағын бұза отырып облыс басшылығы тарапынан сот отырысын өткізу үшін басқа бір ғимаратты, яғни театр, оқушылар сарайын талап ету орынсыз. Олар да өз жұмыстарын тоқтатпай жалғастыра беруге тиіс.
Енді біреулер қазақшадан орысшаға ілеспе аударма жоқтығына наразы секілді. Бұл туралы да БАҚ-та жиі жазылуда. Менің ойымша, бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Керісінше, нағыз әділетті, өзіміз жиі айтатын заң үстемдігі орын алып отыр. Өйткені, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылатындығын біз бәріміз де жақсы білеміз. Ал сот отырысынан ақпарат алғысы келетін кез келген редакция мемлекеттік тілді де, ресми тілді де білетін адам ұстауы тиіс. Оның үстіне сот отырысы қалың қазақ жайлаған Маңғыстау облысында өтіп жатқандығын ұмытпау керек, олардың басым көпшілігі қазақ тілінде сөйлейді. Және сот процесіне қатысушылар сот отырысын қазақ тілінде өткізуге келіскен әрі оларға аударма жасауға мүмкіндік берілген. Ал журналистер үшін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Шетелдік журналистер қай мемлекеттен ақпарат алуға келсе, әуелі сол елдің тілін білуге тиіс. Демек, ілеспе аударма туралы шу бәрін біле тұра әдейі жасалған орынсыз байбалам екені түсінікті.
Тағы бір мәселе. Бірқатар жәбірленушілер мүліктік талап арыздарынан бас тартып отыр. Бұл жерде бір есеп бар ма, әлде аталған жәбірленушілердің таныстары немесе көршісінің туысқандары сотталушының орнында отырғандықтан кешірімге келді ме дейміз. Меніңше, екеуі де бар секілді. Егер олар мүліктік азаматтық талап арыздарынан қазір бас тартса, шығындарын қайтаруды мемлекетке жүктей алмайды. Біз бәрін мемлекетке итере салуды, мемлекеттен көруді және мемлекеттен алуды ғана білеміз. Жәбірленушілер азаматтық талаптан бас тартқанымен, аталған процесс енді тоқтамайды. Өйткені, аталған қылмыстық іс ашық, бұқаралық болып табылады және айыптаушы ретінде мемлекеттік айыптаушы мемлекеттің атынан қатысады. Демек, жәбірленушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізген олар үшін тиімді болмақ.
Ақпарат көздерінің деректері негізінде дайындалды.