Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Павлодарда Еуразиялық Топ (ERG) оқу-жаттығу полигонын орнатты

1013 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл Еуразиялық Топ құрамындағы (ERG) «Қазақстан Алюминийі» АҚ-тың өндіріс орнындағы биіктікте атқарылатын жұмыстардың жұмысшылар өміріне қауіпсіздігі үшін жасалды.

Павлодарда Еуразиялық Топ (ERG) оқу-жаттығу полигонын  орнатты

Яғни, өндірісте жұмысшылардың жұмыс жағдайында еңбек қауіпсіздігін сақтайтын  «Биіктіктен құлауды қорғау» жаңартылған ауқымды бағдарламасын жүзеге асырды. Орталықтандырылған жөндеулер цехында биіктікте жұмыс істеуге арналған модульдік үлгі арнайы жаттығуларға арналған.

Жаттығуға арналған үлгілер өндірістік оқыс жағдайларға лайықты жасалған. Жаттығуда жұмысшылардың күн сайынғы биіктіктегі жұмысының барлық түрлері, сонымен қатар құтқару-көшіру іс-шаралары көрсетілген.

Кәсіпорынның  баспасөз  қызметінің хабарына қарағанда,алғашқы күні 60 адам жаңа полигонды іс жүзінде байқап көрді. Жедел курсты олар үшін кәсіби тренерлер өткізген. Тәжірибелік сабақта нұсқаушылар биіктіктегі қауіпсіз орын ауыстыру, тік және көлденең сызықтарды, құдыққа түсуге және биіктіктен төменге түсуге арналған үштағанды пайдалану жолдарын көрсетті.

Сондай-ақ мамандар биіктікте жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған құтқару-көшіру құралдарымен таныстырды.

– Бұл кәсіпорынның кез келген биіктік жағдайында жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Нысан өндіріс қауіпсіздігін арттыру жүйесіне аса қажет,–дейді зауыттың жеке қорғану құралдары жөніндегі менеджері Игорь Кнестяпин.

Оқу-жаттығу полигоны негізгі және бірнеше арнайы алаңдардан тұрады. Алаңда әлемге белгілі биіктіктен құлаудан қорғайтын барлық жүйелердің түрлері көрсетілген. Бұл жерде жұмсақ сақтандырғыш, тростық жүйелермен орнатылған. Жаттығу барысында бұл жабдықтар биіктіктегі дәнекерлеу, электрмонтаждау, монтаждау жұмыстарын жүргізуге  мүмкіндік береді.

Ал,  «АльпКонтракт» ЖШС-нің биіктіктегі жұмыстарды жүргізу ережелері бойынша нұсқаушысы Тимур Ахметхановтың айтуынша, жаттығу алаң әмбебап,  модульдерді алмастыруға да болады. Сақтандыру құралдары да сапалы. Сондай-ақ мамандар биіктікте жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған құтқару-көшіру құралдарымен таныстырды.

Кәсіпорын мамандарының мәліметінше, алдағы уақытта мұндай оқыту- жаттығу кешендері Еуразиялық Топтың еліміздегі басқа кәсіпорындарында да пайда болады. Ал, өндірістегі биіктікте жұмыс жасайтын жұмысшылар кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, біліктілік деңгейін де арттырады.

Бастысы-еңбек қауіпсіздігі сақталады.


ПАВЛОДАР