Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Шымкенттегі керамогранит зауытының өндірісі кеңеюде

881 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы «Зерде Керамика» зауытында өндірілетін тауар түрі көбейтіледі. Қазақстан бойынша керамогранит өндіретін бірден-бір зауыттағы өнім түрі 6-дан 30-ға дейін жеткен деп хабарлайды shymkent.gov.kz.

Шымкенттегі керамогранит зауытының өндірісі кеңеюде

Қала әкімінің орынбасарлары Д.Жумин мен Б.Мамыталиев кәсіпорынның жұмысымен танысуға арнайы барды. Өнімдері барлық европалық стандарттарға сәйкес келетін зауыт басшылығы жергілікті құрылыс компанияларының өкілдеріне өз өнімдерін таныстырды.


Қала әкімінің орынбасарлары зауыт мемлекеттің жалпы сұранысының 40 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отырғанын айтып, салынып жатқан құрылысқа отандық өнімді қолдануға шақырды. Сонымен қатар қаладағы тұрғын үй құрылысында отандық құрылыс материалдарын пайдалану назарда екенін жеткізді.


Айта кетейік, «Зерде Керамика» зауыты жылына 2 млн шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығарады. Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорында 140 адам жұмыспен қамтылған. Құрылымдарды араластырудан бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі желі толық автоматтандырылған.