Технопаркте 500-ге жуық бала сүйікті ісімен тегін айналысады. Мысалы, бір ғана «Стоп-кадр» студиясының өзінде 60-тан астам балғын диктор, журналист, оператор және бейнемонтаж инженері болашақ кәсіптің қыр-сырын үйренеді.
Балқаш технопаркін жабдықтауға бюджеттен 2,5 миллион теңге бөлінген. Игі іске ат салысудан демеушілер де тыс қалмаған. Соның нәтижесінде аталған паркте техникалық шығармашылықтың 7 үйірмесі тегін жұмыс істейді.
Қарағанды облысы