Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Қорғаныс министрі Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

1711 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында 7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлер өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл қантөгіс ұрыста 17 жауынгер қаза тауып, 33-і жарақат алған болатын.

Қорғаныс министрі Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Осыған орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі  генерал-майор Н. Ермекбаев қаза тапқан жауынгерлерді еске алып,

- Бүгін біз 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алудамыз. Барлық тарихи және саяси қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жауынгерлеріміздің ерліктері мен батылдықтарының нышаны болған және бола беретін соғыс аяқталды. Әрқайсысыларыңыз өліммен бетпе-бет келіп, қасқайып тұрып, өз әскери борыштарыңызды лайықты түрде орындадыңыздар.

Ерлік туралы үнемі айту қажет. Себебі, оны соғыс және бейбіт күндері айтатын уақыты және орны бар. Интернационалшылардың ерлігі мəңгі жүрегімізде сақталады. Қазақстан əскери қызметшілерін Тəжікстанда еске алып, құрмет тұтады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жəне тапсырмасы бойынша 2007 жылы Душанбедегі саябақта тəжік əріптестеріммен бірге 90-шы  жылдардың ортасында ТМД-ның оңтүстік шептерін қорғап, қаза болған əскери қызметшілерге ескерткіш орнатылған кезде көзім жетті.

Құрметті локальді соғысқа қатысқан ардагерлер Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін сарқылмас күш-қуат тілеймін. Небір қиындықтарды бастан кешірген локальді соғысқа қатысқандар бүгінде жойқын күш болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін, деді.