11 Сәуір, 2012

Қылмыстың жеңілі, параның ұсағы болмайды

387 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қылмыстың жеңілі, параның ұсағы болмайды

Сәрсенбі, 11 сәуір 2012 7:05

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында қаржы полициясы органдарына жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия әзірлеуді және онда жаңа жолдар мен тетіктерді қарастыру жөніндегі тапсырмасы бізге жаңа міндеттер жүктеп отыр. Агенттік Төрағасы Р.Тү­­­сіпбековтің сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» экономиканың алдын алу, қарсы тұру және кәсіпкерлік субъектілерін қорғау сияқты стратегиялық міндеттерді нақтылап беруі де іске өзгеше сипат беруде.

 

Сәрсенбі, 11 сәуір 2012 7:05

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында қаржы полициясы органдарына жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия әзірлеуді және онда жаңа жолдар мен тетіктерді қарастыру жөніндегі тапсырмасы бізге жаңа міндеттер жүктеп отыр. Агенттік Төрағасы Р.Тү­­­сіпбековтің сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» экономиканың алдын алу, қарсы тұру және кәсіпкерлік субъектілерін қорғау сияқты стратегиялық міндеттерді нақтылап беруі де іске өзгеше сипат беруде.

Атап айтсақ, бүгінде облыс бойынша қаржы полициясы де­партаменті қызметкерлерінің бас­ты назары ақша бопсалау және бюджет қаражатын ұрлаумен жү­йелі түрде айналысатын тұлға­лар­ды қылмыстық жауапкер­ші­лікке тартуға бағытталып отыр. Қылмыстық табыстарды жасыру және оларды елден шығаруға қарсы күрес, сондай-ақ жалған кәсіпорындар қызметінің жолын кесу де ұмыт қалмайды.

Жемқорлық қылмыстардың ең көп таралған түрі пара алу болып саналады. Мысалы, өткен жылы пара алу фактісі бойынша біздің департамент қызметкерлері 17 қылмыстық іс қозғаған. Айталық, облыста орналасқан әскери бө­лім­нің жанар-жағармаймен қам­та­­масыз ету қызметінің бастығы капитан А.Төлегеновтен тәртіп­тік жаза шараларын қолданбау үшін Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы басқарма­сының жанар-жағармаймен қам­та­масыз ету қызметінің бастығы капитан Б. Исаев жалпы сомасы 120 мың теңге пара алу кезінде ұсталды. Сөйтіп ол әскери сот­тың үкімімен 6 айға бас бостан­дығынан айырылды.

Пара алумен бірге пара беру де қылмыс болып табылады. Бүгінде облыста пара беру дерегі бойынша 15 қылмыстық іс қоз­ғалған.  Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақ­стан облыстары бойынша «Оң­түстік» өңіраралық көліктік ба­қылау инспекциясы мемлекеттік мекемесінің облыс бойынша фи­лиалының бастығы Ғ. Тайшыбеков бірнеше рет облыстық қаржы полициясы департаментінің бө­лім бастығына жалпы қамқор­шылық үшін сомасы 6 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталып, оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Қолданыстағы қылмыстық заңдарда қызметтік өкiлеттiгiн терiс пайдаланудың ең үлкен жазасы 8 жыл болса да, қылмыстың осы түрі қоғамға қауіпті және көп таралғандардың бірі болып отыр. Осындай деректер бойынша өткен жылы департамент қыз­меткерлерімен 40 қылмыстық іс қозғалған. Мысалға, Байзақ ауданы әкімінің құрылыс бөлімі бастығы О. Мырзадәулетов «Ауыз су» мемлекеттік бағдарла­ма­сын жүзеге асыру барысында қыз­мет өкілеттігін теріс пайда­лан­ған. Аталған лауазым иесі сот үкімімен 2 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айрылды. Мемлекетке кел­ті­рілген 8,5 млн. теңгеден аса залал өндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын «көлеңкелі» экономикамен күресу де департамент қыз­метінде басты бағыттардың бірі болып табылады. Өткен жылы эко­номикалық салада 334 қы­л­мыс­тық іс қозғалды. Осы бағытта департамент жедел қызмет­тері­нің негізгі күші жалған кәсіп­керлік, қылмыстық жолмен та­был­ған мү­лікті заңдастыру және террористік ұйымдарды қаржы­ландыру фак­тілерін анықтап, олар­дың жолын кесуге жұмыл­дырылуда.

Елбасы Н. Назарбаевтың Қа­зақ­стан халқына арнаған Жолдауында азаматтардың конститу­ция­лық құқықтарының сақталуына құқық қорғау органдарының күш салуы қажеттілігі баса айтылды. Сондықтан, біз мемлекеттің және қоғамның әрбір азаматының заң­ды мүдделерін қорғау жолында тер төге береміз. Бұдан былай құ­қық қорғау органдарының қыз­меті халықтың  сеніміне  ие  болу  деңгейімен өлшенетін болады.

Жақында Агенттік Төрағасы­ның нұсқауымен қаржы полициясында қарамағындағы қызметкер жемқорлық фактісімен ұсталған жағдайда, басшысының жұмыс­тан босатылу ережесі енгізілді. Бұл орайда қатарымыздың пиғы­лы теріс қызметкерлерден таза болуы өте маңызды. Сондықтан, өз ішіміздегі заң бұзушылықтар мен жемқорлыққа қарсы күрес –  халықтың жүрек қалауы деп түсінеміз.

Серік ӨТЕМБАЕВ, Жамбыл облысы бойынша қаржы полициясының бастығы.

Жамбыл облысы.