Қызылорда облысында алғаш рет ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Оңтүстік Корея және Қазақстан елдерінің парадзюдошылары қатысады.
Жарыс ерлер арасында 8 салмақта (-60, -66, -73, -81, -90, -100, +100 келі), әйелдер арасында 2 салмақта (-57, +70 келі) өтеді.