Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Елордалықтар плоггинг аясында 300 қап қоқыс жинады

1229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет плоггинг акциясы өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалықтар плоггинг аясында 300 қап қоқыс жинады

Плоггинг – жүгіру мен тазалықты ұштастыру арқылы экологияға қамқорлық танытудың бір түрі. Науқанға жас шамасы мен спорттық дайындығына қарамастан барлық ниет білдірушілер атсалысты. Шара қаланың бес нүктесінде «Жерұйық» саябағы, Ботаникалық бақ, Орталық және Триатлон саябақтарында, сондай-ақ Кенесары ескерткіші маңында ұйымдастырылды.

 

Акция ұйымдастырушыларының хабарлауынша, қала тұрғындары 300 қап қоқыс жинады. Сұрыптаудан кейін қайта өңдеуге пластикалық және шыны құтылар, алюминий банкалар мен картон іріктелді. Естеріңізге сала кетейік, «Менің қалам – таза қала» акциясы «Спарта Астана», «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалыстары мен «Спарта Астана» клубы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.