Спорт • 08 Сәуір, 2019

Бағдәулет Құралбекұлы семсерлесуден әлемдік сында 8-ші орын иеленді

948 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Торунь қаласында өтіп жатқан семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Бағдәулет Құралбекұлы алғашқы сегіздікке енді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бағдәулет Құралбекұлы семсерлесуден әлемдік сында 8-ші орын иеленді

Саблямен семсерлесуден жасөспірім ерлер арасындағы  бәсекесінде Бағдәулет болашақ әлем чемпионы, италиялық Рома Лоренцодан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп – 14:15. 

Алғашқы төрттікке ене алмаған қазақстандық ноян жалпы есепте 8-ші орын иеленді. 

Әлем чемпионатында саблядан бөлек, рапира мен шпагадан жекелей және командалық сында жеңімпаздар анықталмақ. Жарыс 14 сәуірге дейін жалғасады.