Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Баланы ажал аузынан аман алып қалды

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында тоғыз қабатты тұрғын үй өртеніп, 37 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Баланы ажал аузынан аман алып қалды

Батыр Баян көшесінде көп қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жайлы  хабарды  азаматтық қорғаныс сержанты Таңшолпан  Аймағамбет қабылдап алысымен, оқиға  орнына  шұғыл түрде екі экипаж аттанған.

Құтқарушылар  келе салып, өртті еңсеруге кіріскен. Олардың қырағы көздері  тоғызыншы қабатта өрт шыққан  балконда  жылап тұрған баланы байқап қалған. Өрт сөндірушілер оған жедел жәрдем беруге  ұмтылған.   Арман Матин, Асхат Жасұланов  майор Данияр Ақжігітовтың басшылығымен жіті қимылдап,  өрт  автобаспалдағы арқылы  30 метр биіктіктен 2010 жылы туған баланы дін аман алып шыққан. Оған тез арада медициналық, психологиядық көмектер көрсетілген.

Қызыл жалынды оқшаулап, сөндіруге 19 жеке құрам мен 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.