Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтанда әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы меморандумға қол қойылды

1471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құжаттың мақсаты – жастардың бастамаларына қолдау білдіру, бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты әскери-патриоттық шараларға қатысуға кеңінен тарту деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы меморандумға қол қойылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі мен «Жас сарбаз» өңірлік штабы арасында әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті.  

«ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған болатын. Қорғаныс министрлігі мемлекеттің жастар саясатын іске асыру мен Отанның адал қорғаушыларына тәрбие беруге белсене атсалысады. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде 100-ден аса мектепте «Жас сарбаз» сыныптары бар. Өңірлерде 3000-ға жуық әскери-патриоттық клуб өз қызметін жүзеге асыруда. Онда 74 000 бала мен жасөспірім білім алады», – деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов. 

Салтанатты шара соңында «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Мұхаметжан Сермағамбет барлық жасұландықтардың атынан «Жас сарбаздың» антын қабылдады. Одан кейін оған төсбелгі мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы қатысушысының сертификаты табыс етілді.