Бағытты да бағдарлы шешім
Сенбі, 14 сәуір 2012 7:47
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢАРУ
Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.
Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақтандырылуы мәселелері қаралуға тиіс.
Сенбі, 14 сәуір 2012 7:47
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢАРУ
Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын.
Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақтандырылуы мәселелері қаралуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы құқыққорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауданөткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық құқық қорғауоргандарының жеке құрамынан 110 мыңға жуық адам аттестаттауданөтеді. Мемлекет басшысының Жар-лығымен Қазақстан РеспубликасыПрезиденті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы туралыЕреже бекітілді. Бұл аттестаттаудың мақсаты – құқық қорғау жүйесіқызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олардың қазіргізаманғы талаптарға сәйкестігін анықтау, аталған органдардыморальдық-адамгершілік қасиеттері төмен және жемқорлық әрекетіарқылы жалпы мемлекеттің беделін түсіретін біліксізқызметкерлерден тазарту болып табылады. Ал аттестаттауды өткізуережесіне сәйкес, елімізде құрамында 500-ден астам адам болатын90-нан аса аттестаттау комиссиялары құрылады. Барлық комиссияқұрамына Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, жұртшылықтың,партиялардың, ардагерлер ұйымдары мен БАҚ өкілдері кіреді.Аттестаттаудан өткен адамдар туралы жұртшылық пікірін ескеру үшінПрезиденттің ресми сайтында арнайы айдар да ашылмақ. Кезектен тысаттестаттау туралы барлық жұмыстар үш кезең бойынша жүргізіліп,ағымдағы жылдың соңында аяқталады. Бүгін біз осы республикабойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тысаттестаттаудан өткізу туралы Президент Жарлығына орай еліміздіңтүкпір-түкпірінен өз көзқарастары мен жүрекжарды ойларын жеткізгенбірнеше адамның пікірлерін ұсынып отырмыз.
БАҒЫТТЫ ДА БАҒДАРЛЫ ШЕШІМ
Елбасының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Президент әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин жақында осы сала жетекшілерінің қатысуымен келелі кеңес өткізді. Ол туралы материалды оқып шығып, ой құшағына еріксіз берілдім.
Мен өзім ұзақ жылдар құқық қорғау саласында, дипломатиялық қызметте еңбек етіп жүріп, мына бір өмірлік қағиданы есте сақтауды міндет санадым. Тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана толса да қазір Қазақстанды, оның Президенті Н.Назарбаевты бүкіл әлем жұртшылығы біледі. Осынау қысқа мерзімде еліміз асқар асулар мен биік белестерді аттап өтті. Ядролық апат әкелген Семей полигонын Елбасы бірінші болып жауып тастады. Соңғы екі-үш жылда ел есінде қалатындай елеулі оқиғалардың өтуі де Елбасының кемеңгер саясатының жемісі. Қаржы дағдарысы жағадан алса да Қазақстан халқы қысыла қойған жоқ, себебі қорда мол қаржымыз бар.
Демек, тұрақтылықты сақтау үшін, ең алдымен, бізде темірдей тәртіп, елін сүйетін патриоттық сезім қалыптасуы керек. Міне, осы орайда, Елбасының құқық қорғау саласы қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы Жарлығы дер кезінде қабылданған шара деп есептеймін. Жеке құрамды білікті де адал, өз ісін сүйетін мамандармен толықтырып алсақ, тәртіп орнайды. Ал темірдей тәртіп, табыс кепілі. Жасырары жоқ, осы салада қызмет ететін некен-саяқ адамдардың жат әрекеттерге барып қалуы, меніңше сүзгіден өткізу кезіндегі «әттегенайларға» байланысты болса керек. Еліміз бойынша 110 мыңнан астам адам енді нағыз аттестациядан өтуі тиіс. Комиссия мүшелері қатаң талап қойса, құқық қорғау саласында кемшіліктер бола қоймас.
Болатбек ИМАНҒАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өскемен қаласындағы консулы.
ӨСКЕМЕН.