Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Саланы цифрландырудың артықшылықтары көп

1221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Ақмола облысы Щучье қа­ласында С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­вер­ситетінің ғалым­дары ауыл ша­руашылығы кешендерін цифр­ландыру бағыттары бойынша семинар өткізді.

Саланы цифрландырудың артықшылықтары көп

Семинарда айтылғандай, елі­міздің ауыл шаруашылығында қол­данылатын әдіс-тәсілдер жаңа тех­­нологиялардың көмегімен кү­шейе түспек. Мысалы, өсімдік ша­­руашылығындағы дәлме-дәл егін­­шілік – осы саладағы шаруа­шылықтар игеруге тиіс маңыз­ды тәсіл­дердің бірі. Семинарға Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан АӨК өкілдерінің арнайы келу себебі де осы. Олар елор­да­дағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті қабырғасында зерттеумен шұғылданатын ғалымдардың дәрісіне қатысып, ортақ мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

– Бұл семинардан алқаптарда кез­­­десетін аурулардың алдын алу және зиянкестермен күрес әдістері, да­қыл­дардың өнімділігін арттыру тә­сіл­дері, жайылымдардың элек­трон­ды картасын жасау секілді жа­ңа ақпараттар алып жатырмыз. Ша­­руа­шылығымызды дамыту үшін бі­лімімізді жетілдіргіміз келді. Кейін жұ­мысымызға септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді Атбасар ауданынан келген «Бастау» ЖШС агрономы Сәтбай Шұғалов.

Бұған дейін мұндай семинар Қа­рағанды, Қостанай, Ақтөбе, Пе­тро­павл қалаларында өткі­зілді. Әр ұйым­дастырылған сабақтар өзек­ті­лігімен ерекшеленеді. Өйткені ал­қап­­тарды картографиялау не­гіз­де­рін оқыту, агро­құрылымдар мо­ни­торингінде гео­ақ­параттық жүйе­лерді пайдалану секілді тың тә­сілдер ауыл шаруа­шылығын өр­кен­­дету ісінде аса қажет.