«100 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге жұмсалады, мұнда мөлшерлеме Бизнестің жол картасы-2020 есебінен субсидияланады», деді министр.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, қалған 100 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталады. Мұнда мөлшерлеме Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы бойынша субсидияланады. Бұл мақсатқа бюджетте қаражат жеткілікті.
«Біздің бағалауымыз бойынша 200 млрд теңгеден астам сомаға еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін маңызды 34 ірі жоба бойынша әлеуетіміз бар», деді С.Омаров.