«Жолаушылар тасымалы» АҚ пошталық бөлімшелер арқылы билеттер сатып алу сервисін төрт жыл бұрын іске қосқан болатын. Сол кезде, яғни 2015 жылы 2738 билет сатылса, 2016 жылы – 100 мыңнан астам, 2017 жылы 194281 билет сатылған болатын.
Бүгінгі таңда жол жүру құжаттарын (билеттерді) «Жолаушылар тасымалы» АҚ 233 кассасы арқылы, 4500 астам жеке билет кассалары, сондай-ақ комиссиясыз EPAY.RAILWAYS.KZ ресми сайты және өзге де интернет-ресурстары арқылы сатып алуға болады.
Сондай-ақ Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды билет сатып аларда күдікті бөтен тұлғалардың қызметін пайдаланбауға шақырады. Билеттерді қайта сатумен заңсыз айналысу фактілерін байқаған болса азаматтық ұстаным таңытып, қызметкерлері үнемі вокзалда болатын ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдеріне жүгінуді ұсынады.