Президент • 09 Сәуір, 2019

Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін - Қ.Тоқаев

1388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде кезектен тыс сайлауға аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді.

Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін - Қ.Тоқаев

«Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін.

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  

Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!

Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.