«Жобалық офис күн сайын бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап оны қаржыландыруға дейін жобаның барлық кезеңдерін сүйемелдейді, проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды шешу бойынша ұсыныстары әзірлейді.
Өңірлердегі бағдарламаны іске асыру жоспары туралы ақпарат апта сайын Үкіметке ұсынылып келеді» дейді Р.Скляр.
Бүгінгі күні жобалық офистің жеті отырысы өткізілген. Отырыс аясында өңірлердегі үш жүзден астам кәсіпорын тыңдалған.
Жобалық офис жұмысында сомасы 306 млрд теңгені құрайтын 344 жоба бар, оның ішіндегі 6,1 млрд теңге теңге болатын он жобаны екінші деңгейлі банктер мақұлдаған. Жалпы сомасы он алтыда алты 16,6 млрд теңге болатын елу екі жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында.
Банктердің қарауындағы ықтимал жобалардың басым бөлігін жеңіл азық-түлік және қызмет көрсету салаларындағы жобалар құрайды.
«Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы атап өткендей, кепілдендіру құралын енгізу бизнес үшін кепілдік базаның жетпей қалу проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Осыған орай, Үкіметке осы ұсынысты қолдауды сұраймын» деді Министр өз сөзінде.