Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және өткізу нарығын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше аймақта 2013 жылы экспортқа өнімнің 3 түрі ғана шығарылса, бүгінгі күнге оның саны 15-ке жеткен.