Саясат • 09 Сәуір, 2019

Ерлан Саиров: Президенттің шешімі маңызды әрі қажетті деп есептеймін

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда транзиттік процесс тұрақтылық пен келісім кезеңінде өтеді. 9 маусымда елімізде кезектен тыс өтетін президенттік сайлау туралы саясаттанушы Ерлан Саиров осындай пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ерлан Саиров: Президенттің шешімі маңызды әрі қажетті деп есептеймін

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін тыңдадық. Бұл шешім - бүгінгі таңда маңызды әрі қажетті деп айтар едім. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз өзгерісі қым-қуыт әрі жылдам әлемде өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістер процесі өте тез болып жатыр. Сол себепті, Қазақстанда әрдайым өзіндік саяси жігер мен әлеуметтік оптимизм болуы керек. Бұл ретте кез келген мемлекеттің саяси жүйенің эволюциясы - заңды процесс. Біздің Қазақстанда транзиттік кезең тұрақтылық пен қоғамдық келісім кезеңінде өтер деп есептейміз», деді Ерлан Саиров. 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.