Қазақстан • 09 Сәуір, 2019

Жамбыл облысында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың отырысы өтті

1187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 20 сәуірінен бастап Жамбыл облысында үйірлі шегірткенің 3 түріне марокколық, итальяндық және азиялық шегірткеге қарсы өңдеу басталды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысының Байзақ ауданында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес штабының кезекті отырысында айтылды.

Жамбыл облысында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың отырысы өтті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаева, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары М.Ж. Шөкеев, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары А.М. Марс штабтың көшпелі отырысына қатысты.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы дайындықты талқылау барысында «Фитосанитария» РМК, «Фитосанитариялық диагностика және болжау бойынша Республикалық әдістемелік орталыққа» РММ мекемелер қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. 

Жамбыл облысында биыл 184,5 мың гектар аумаққа шегірткенің таралуы күтілуде, оның ішінде 89,8 мың гектарға мароккалық шегіртке, 75,9 мың гектарға итальяндық шегіртке, 18,8 мың гектарға азиялық шегіртке.

130-ға тарта маман тартылады. 34 бірлік бүріккіш жабдықтар мен 5 ұшақ әзірленді. Аймақтың 70% жермен және 30% ұшақпен өңделетін болады.

11 мың литрден аса тиімділігі жоғары дәрілік заттар қолданылатын болады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Жамбыл облысында шегірткелермен күресу үшін өңдеудің аумағын ұлғаю шегі байқалып, 345,3 мың гектарға жеткен, ал 2017 жылы 268 мың гектарға дейін өңделді. Өткен жылы таралған шегірткелердің шегі мароккалық шегірткелердің саны мен таралуының артуына байланысты - 298,7 мың га (2017 жылы 210 мың гектарға қарағанда) байқалды.

Сонымен бірге ағымдағы жылы итальяндық шегірткелерге қарсы өңдеу аумағы 75,9 мың гектар (салыстыру үшін, 2017 жылы 38,9 мың гектар, тек 2009-2010 жылдарда 111,6 және 97,8 мың га ұлғаю шегі байқалды) күтілуде.

Азиялық шегірткелердің биылғы жылы айтарлықтай емес өсімі байқалады - 18,8 мың гектар, ал 2017 жылы 7,7 мың гектар.