24 Сәуір, 2012

Болашақ пен тыныштық үшін

359 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Болашақ пен тыныштық үшін

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:12

Қазақстан халқына биылғы Жол­дау­ын­да ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарын сапалы кадрлық жаңарту мәсе­ле­сін шешу үшін барынша қысқа мерзім ішінде оның бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу туралы нақты нұсқау берді. Осыған орай Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуі­рінде Жарлыққа қол қойды. Еліміздің та­ри­хында алғаш рет құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру жө­нін­дегі кең ауқымды іс-шаралар бастау алды.

Біз уақытында қабылданған бұл шешімді өз тарапымыздан толығымен қол­дай­мыз. Сонымен қатар, осыған дейін де құ­қық қорғау органдарын аттестаттау тұ­рақты өткізіліп тұрғандығын атап өткіміз келеді. Бірақ дәл мұндай аттестаттау барлық құқық қорғау органдары үшін тарихта алғаш рет өткізілгелі отыр. Жалпы саны 90-ға жететін жоғары аттестаттау комиссиясы және аймақтық аттестаттау комиссиялары құрыл­ға­нын есепке ала отырып, біз бұл комис­сия­ның құрамына қоғам өкілдерін, депутаттар корпусын, ғалымдарды, құрметті тұрғын­дар­ды, құқық қорғау органдарының ардагерлерін және т.б. енгізген жөн деп есептейміз. Сонда ғана біздің ойымызша, аттестаттауды өткізудегі көзделген түпкілікті мақсатқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, аттестаттау жарты жылға созылатындықтан, оның құқық қорғау органдарының қыз­ме­тіне, қызметкерлердің психикалық күйіне әсер етпеуін қадағалау керек, себебі бұл жағдайды қылмыскерлердің пайдаланып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Құқықтық тәртіп жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру бұл бір күннің ісі емес. Ол зерделі талқылауды, жас мамандарға тә­жірибе көрсетуді, ұстаздық рөлін күшей­туді, ынталандырушы шараларды және т.б. қажет етеді.

Біз құқық қорғау органдарының кадр­лық әлеуетін жаңарту бойынша өткізілетін жұмыстар өзінің оң нәтижесін беретіндігіне нық сенеміз. Құқық қорғау орган­дарының қалыпты жұмысы елдің жарқын болашағы мен тыныштығын қамтамасыз етеді.

Виктор ЖАМУЛДИНОВ, «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы.

ПАВЛОДАР.