Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Қызылордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр

908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің студенттер сарайында «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды.

Қызылордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр

Конференция Елбасы кітапханасы көшпелі көрмесі аясында ұйымдастырылды. Оған Түркия, Германия, Канада, Оңтүстік африка, Кения, Уганда, Филиппин және Қазақстанның барлық өңірлерінен өкілдер қатысты.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуына облыс әкімі Қ.Көшербаев, Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжанов, отандық және шет елдік ЖОО-ның студенттері, магистранттары, докторанттары мен ғалымдары қатысты.

Биыл Елбасы кітапханасының 2015 жылдан бергі оқыту семинар-тренингтер жобасы жастарға арналған «Болашаққа жол әрқайсымыздан басталады» тақырыбына арналған дәрістерден басталды.

«Бүгінгі халықаралық-практикалық конференциямыздың тақырыбының «Жастар саясаты: болашақ бүгіннен басталады» аталуы да Елбасымыз белгілеп берген жастарды қолдау бойынша басымдықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылау мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сабақтастықты қамтамасыз ету екендігін осында жиналған көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, әсіресе жастарымыз жақсы түсінеді деп ойлаймын», - деді Ә.Рахымжанов.


Қызылорда облысы