Руханият • 10 Сәуір, 2019

Естелік сөз – ескірмес сәт

1616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Естелік сөз – ескірмес сәт
1980 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы орыс тілді орта мектебіне 100 жыл толуына орай Қазақ телевизиясы мерекелік хабар ұйымдастырған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жыл­дарында Торғай, Қос­танай, Ақтөбе, Ыр­ғыз өңірлерінде Ыбырай Алтын­сарин ашқан мек­теп­­терден соң қабыр­ға­­сы қаланған бұл оқу орны, әсіресе қазақ бала­ларының орыс тілін үйре­ніп, оның озық ойлы әде­биетін оқып, одан әрі Еу­­ропа классиктерінің шы­­ғар­маларымен сусын­да­уына, ой-өрісінің ке­ңе­юі­­не мүмкіндік туған еді.
Бұл суреттен осы мек­тептің түлектері, акаде­мик-сыншы Мұхамет­жан Қаратаевты, со­ғыс ардагері, заң ғылым­да­рының кандидаты, рес­публикалық әскери комиссариаты бас­шысының орынба­сары, полковник Әлім Мұха­метжановты, артқы қатар­дың сол жақ шетінде Мем­лекеттік сыйлықтың ие­гері, жазушы Дүкенбай Досжановты көреміз. 

Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері