Саясат • 10 Сәуір, 2019

Р.Скляр тұрғын үйге қатысты жаңа заң жобасын таныстырды

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының енгізілуі туралы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдың мәлімдеді.

Р.Скляр тұрғын үйге қатысты жаңа заң жобасын таныстырды

Министрдің айтуынша, заң жобасы келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:

«Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидасы бойынша коммерциялық емес ұйымның жаңа формасы «мүлік меншік иелерінің бірлестігін» құру арқылы басқару органдарының қызметін реттеу.

Ұсынылған принцип әр үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады. Әр мүлік меншік иелерінің бірлестігі өзінің ағымдағы және жинақтаушы шоттарын ашатын болады.

Аталған шара пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар тарапынан қызметтер мен тарифтердің тұрғындарға жүктелмеуін және қаржыларының ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тұрғындардың басқару тәсілін таңдау құқығы жеке басқару органдары арқылы немесе шарт негізінде басқарушы компаниялар арқылы беріледі.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа механизмін енгізу.

Бұл тұрғындарға қаражаттың түсуін және мақсатты жұмсалуын бақылау арқылы тек өздерінің үйіне күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Күрделі жөндеу жүргізуге қаражат жинақтау және жеңілдетілген қарыз алу механизмі әзірленді.

Мысалы, тұрғын үй құрылыс банкінің есебіне сәйкес қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 2 пайызды құрайтын болады» деді Министр.

Бұл схемаға жергілікті атқарушы органдар да қатысады, олар басқару органының өтініші бойынша күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, техникалық тексеру мен энергия аудитін жүргізбек.