Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Батыс Қазақстан облысында 3,5 тонна балық тәркіленді

1118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғат қорғау полициясы және «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірге Атырау-Орал тас жолы бойынан тиісті құжатсыз 3,5 тонна ұсақ балық тасып келе жатқан көлікті ұстады.

Батыс Қазақстан облысында 3,5 тонна балық тәркіленді

Түнгі сағат 02:40 шамасында Чапаев ауылының маңында тоқтатылған «ГАЗ-53» маркалы автокөлік жүргізушісі 1980 жылы туған азамат болып шықты.

Аталған факті бойынша Ақжайық ауданының полиция бөлімі Қазақстан республикасы Қылмыстық Ккодексінің 196-бабының 1-бөлігі (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Көп кешікпей өзен-көлдегі балықтардың уылдырық шашатын мезгілі басталады. «Батыс Қазақстан облысының Орал-Каспий бассейні аумағында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз» дейді Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.


Батыс Қазақстан