Қазақстан • 10 Сәуір, 2019

Лифтілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады

1038 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында Заң жобасында барлық қатысушылар үшін бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесін құру қарастырылғаны туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр мәлімдеді.

Лифтілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады

«Ақпараттық жүйеде тұрғындар үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылап,  есептеулер мен есептесудің дұрыстығын тексере алады.  Сонымен қатар, тұрғындардың өз басқару органының қызметіне мониторинг жүргізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер беруге мүмкіндіктері болады.

Бұдан бөлек, тұрғындар электронды дауыс бере алады және үйдің барлық мәселелері бойынша сыртта жүріп те қатысу мүмкіндігі туады» дейді Р.Скляр.

Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды болдырмау үшін кооператив тек бір көп пәтерлі тұрғын үй үшін құрылатын схема ұсынады, кооператив мүшелерінің саны пәтерлердің санынан аспауы тиіс және құрылыс мемлекеттік тіркеуден кейін және жалға алу құқығындағы немесе меншік құқығындағы жер учаскесі болған соң ғана жүзеге асырылатын болады.

Заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды бақылау және қадағалау құзыреттіліктерін беру қарастырылған.


Сонымен қатар министр бүгінгі күні лифт шаруашылығының басым бөлігі өзінің нормативтік пайдалану мерзімінен асып кетті. Осы мәселені шешу үшін лифтілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болатынын айтты.

«Жаңа түзетулерді енгізу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің қарым-қатынастарын жақсартады, сондай-ақ өмір сүруге ыңғайлы және қауіпсіз орта құру арқылы халықтың тұрмыс сапасын көтереді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып,  Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын» деді Р.Скляр өз сөзінде.