Саясат • 10 Сәуір, 2019

Қазақстан халқы ассамблеясының үндеуі

1955 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан халқы ассамблеясының үндеуі

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қоғамдық келісім, аналар кеңестері, ғылыми-сарапталық кеңес,  «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым,  журналистер  клубтары мен Ассамблея бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бұл шешімді толығымен қолдаймыз.  

Бұл дер кезінде жасалған және қажетті қадам болып табылады, мұны уақыттың өзі талап етіп отыр. 

Қазақстандағы жоғарғы билік елдің Ата заңына толық сәйкес  жағдайда және бейбіт жолмен  ауысты. 

Сайлауды халықтың тікелей еркін білдіру арқылы өткізу кез келген  түсініксіз жайларды болдырмауға мүмкіндік береді. 

Бүгінде елде экономиканы дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың табысы мен өмір сапасын ұдайы арттыруды қамтамасыз ету бойынша ауқымды бағдарламалар іске асырылуда.  Барша қазақстандықтардың бақуатты өмірі солардың тиімді және сапалы орындалуына тікелей байланысты.  

Біздің бәрімізге қоғамның тұрақтылығы мен бірлігі, ертеңгі күнге деген сенімділік, жұмыс орындары, әлеуметтік төлемдердің, еңбекақының, шәкіртақының кепілді түрде төленгені қажет. 

Қол жеткен жетістіктерді қазіргі күрделі жаһандық процестер жағдайында сақтау және көбейту Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығы, жүргізіліп отырған теңгерімді ішкі және сыртқы саясатты жалғастыру  жағдайында ғана мүмкін екенін біз нақты түсінеміз.     

Бұл – өміршең қажеттілік.

Мемлекет пен қоғамның табысты дамуын, тиімді мемлекеттік басқаруды, қауіпсіздік пен тұрақтылықты Қазақстан Республикасының Президенті – ел Конституциясының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі қамтамасыз етуі керек.   

Кезектен тыс президенттік сайлау халықты топтастыру жолындағы  патриоттық акт болып, экономиканы тұрақтандыруға, елдің қарқынды дамуы мен азаматтарымыздың игілігінің түйінді мәселелерін шешу үшін қажетті азаматтық татулықты, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қуатты серпін береді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік сайлаудың еліміздегі қоғамдық келісім  мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенімді.   

Біз болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді түсіне отырып, халық пен елдің биік мүдделеріне сүйеніп, өзіміздің азаматтық және патриоттық парызымызды орындай отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілуін қолдаймыз. 

Біз барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының игілігі мен өркендеуі жолында, болашақ ұрпақтар үшін жасалып отырған бірден бір дұрыс таңдау ретінде, осы шешімді қолдауға шақырамыз!   

Нұр-Сұлтан қаласы,

2019 жылғы 10 сәуір