Қала басшылығы «Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу туралы» шешіміне сәйкес, сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 10°С деңгейінде бес күнтізбелік күн бойы тұрақты болған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы (мәслихаты) жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Нұр-Сұлтандағы жылыту маусымы әдеттегідей жүріп жатыр. Жылу желілерінің температуралық режимі бекітілген режим картасына сәйкес ұйымдастырылуда.
Энергия көздері стандартты отынмен қамтамасыз етілген.
«Жылыту маусымының басынан энергия көздерінде, сондай-ақ жылу, электр және су беру желілерінде апаттар мен 1 дәрежелі апат орын алған жоқ. Әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандарда жылыту маусымы үзіліссіз жүруде, ғимараттардағы температура режимі қалыпты диапазонда, жылу энергиясын жеткізу стандарттарға және жылу жүктемелеріне сәйкес келеді», – деп мәлімдеді отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасында.