Білімді, шығармашылығы ерекше және таланты зор, әлеуеті жоғары жастар – елорда келешегінің негізі болып табылатындықтан, Нұр-Сұлтан әкімдігі жастарды Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші жылдығын ашық диалог формасында өткізіп, елорда болашағын қалай елестетіні туралы пікірлерімен бөлісуге шақырады.
12 сәуірде сіздің бірегей идеяңыз қаламыздың даму кезеңінің негізі бола алады. Тың жобалар, елорданың жүйелік мәселелеріне қатысты жаңа көзқарас, жетістіктерді пайдалану. Осының бәрін қала құрылысы және қалалық кеңістік; өнеркәсіп және жаңа технологиялар; шығармашылық экономика және өнер сияқты үш бағыт бойынша өтетін панельдік сессияларда ұсыну қажет.
Бұдан кейін қала үшін ең қызықты және практикалық идеялардың авторлары өз ойымен бөлісіп, оны қала әкімі Бақыт Сұлтановпен талқылайды. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың барлық бекітілген ұсыныстары 2050 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясына енгізілетін болады.
Іс-шара 20-30 жас аралығындағы жастардың түрлі салалардағы жетістіктерге жеткен және қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін жастарды біріктіретін Global Shapers Community Astana Hub қолдауымен өтеді.
Бұл кездесу жастарға өз қаламыздың болашағын қалыптастыруға, елорданың өміріне қатысуына нақты қадам жасауға мүмкіндік береді.
Қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтіп, өтінішті толтыру қажет екендігін ескертеміз.