Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Қарағандыда студенттер Plogging акциясын ұйымдастырды

1047 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Қарағанды медициналық университетінің студенттері «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды. Жүгіріп жүріп қоқыс жинайтын бұл іс-шара қала тұрғындарының да көңілінен шықты.

Қарағандыда студенттер Plogging акциясын ұйымдастырды

Қала әкімдігінің, қалалық мәдениет, демалыс саябақтары мен гүл бақтары басқармасының қолдауымен өткен акцияға 100-ден астам адам қатысты. Олар үш үлкен контейнерге қоқысты тонналап жинады.

– Біздің акциямызға қала тұрғындары белсене ат салысады деп күтпеген едік. Тіпті саябақта жүрген қарт адамдар да бізге қолдау көрсетті. Экологияға, туған қаланың тазалығына немқұрайлы қарамайтын қарағандылықтар көп екен. Біз акцияны алдағы уақытта да жалғастыруды жөн деп таптық. Мұндай жүгірістерді айына бір рет басқа ЖОО-лардың қатысуымен өткізгіміз келеді, – дейді Қарағанды медициналық университетінің жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Александр Урмашов.

Саламатты өмір салты және экологияға қамқорлықты біріктіретін «Плоггинг» акциясы алғаш рет Швецияда пайда болған. Аталған сөздің мағынасы жүгіру және қоқыс жинау үдерісі дегенді білдіреді.


Қарағанды облысы