Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Ақтауда кальянды пайдалануға қатысты алдын алу шаралары жүргізілді

1070 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында орналасқан кафе-барларда және дүкендерде алкогольдік, кальян бұйымдарын сату мен пайдалану, сондай-ақ жасөспірімдерді ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдерісіз жүргендерін анықтау мақсатында, профилактикалық шаралар жүргізілді.

Ақтауда кальянды пайдалануға қатысты алдын алу шаралары жүргізілді

Мәселен, қаладағы кафе-барлардың 7 әкімшісіне қоғамдық орындарында кальян бұйымдарын пайдалануға рұқсат бергендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 3-бөлігімен әкімшілік шараға тартылды, яғни 25025 теңге айыппұл салынды.

Қоғамдық орындарда кальян бұйымдарын пайдаланған үшін 21 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жасөспірімдерді ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдерісіз жүргендерін анықтау жұмыстары барысында компьютерлік клубта түнгі мезгілде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жүргендері анықталып, клубтың әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігіне әкімшілік құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді ойын-сауық  орталықтарында түнгі мезгілде жүруге жол бергендігі үшін 2 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтау қаласы 27 шағын ауданда орналасқан дүкеннің сатушысы түнгі мезгілде алкогольдік бұйымдарын сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, жоғарыда көрсетілген профилактикалық шаралар бұдан әрі апта сайын өткізілетін болады.


Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше