Сайлау • 10 Сәуір, 2019

Б. Мәкен: Қазір Қазақстан халқы үшін өте маңызды уақыт

1064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 сәуір күні Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жариялады. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымына жоспарланған.

Б. Мәкен: Қазір Қазақстан халқы үшін өте маңызды уақыт

Бұл шешім мемлекетіміз үшін қазіргі уақытта өте маңызды болып табылады. Біз, Қазақстан халқы, бұл сайлаудың еліміздің сеніммен алға жылжуына көмектесетінін және алдымызда тұрған белгісіздікті айқын қылатынын түсінуіміз керек.

Қазіргі болып отырған белгісіздік жағдай халықтың ой-пікіріне кейбір түсініксіздік пен бұлыңғырлық беріп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту және сыртқы серіктестермен қатынастарды нығайту үшін сайлауды алға жылжыту қажеттілігін атап өтті.

Сайлау саяси белгісіздік жағдайына тән жағымсыз үрдістерді жоққа шығарады. Кезектен тыс сайлау өткізу Қазақстанның дамуына, өсуіне және қазіргі уақыттағы республикамыздың саяси жағдайға бейімделуіне арналған бұл шешім - мемлекетіміз үшін қажетті және уақытылы.

Жаһандық үдерістерге қатысу үшін елде ішкі тұрақтылық қажет. Еліміздің әрбір азаматы өз дауысын беріп, республикамыздың қандай бағытта дамитынын анықтауға өз септігін тигізу өте маңызды. Халық сайлаған Президент ел дамуының бағытын анықтап қана қоймай, елімізді халықаралық аренада таныстырады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әлемдегі жағдай күрт өзгерістерге ие және халқымыз үшін бұл жағдайлар құбылмалы әсер етуде. Біз ішкі және сыртқы саясатымыздың сабақтастығын, болжамдылығын және тұрақтылығын нығайтуымыз керек. Әлеуметтік бағдарламаларды және Елбасының стратегиясын тиімді, табысты іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруымыз қажет.

Қазір Қазақстан халқы үшін өте маңызды уақыт. Мен 9 маусымда барлық қазақстандықтарды шетте қалмауға және өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!

Елдің болашағы сіздің шешіміңізге байланысты!



Б. Мәкен

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Bolashaq» қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы