Сайлау • 11 Сәуір, 2019

Жас көшбасшылар кезектен тыс сайлауды қолдайды

1034 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Жастар жылын өткізуге мониторингті жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес жиыны өтті. Қоғамдық кеңеске еліміздің жастар ұйымдарының төрағалары, көшбасшылары, қоғам қайраткерлер, блоггерлер кіреді.

Жас көшбасшылар кезектен тыс сайлауды қолдайды

Өздеріңіз білетіндей, 9 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасап, Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Еліміз үшін аса маңызды саяси оқиғаны жас көшбасшылар тарихи шешім ретінде қарастырып отыр.

Осыған орай сөз сөйлеген Парламент депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Бахтияр Мәкен сайлаудың артықшылықтарына тоқталды. 

«Өздеріңізге мәлім, жуырда ғана Елбасы Н.Назарбаев Президенттік өкілетін Сенат спикеріне табыстады, көп ұзамай жаңа ел Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы кезектен тыс сайлау өтетінін жариялады. Осы арқылы биліктің ауысуындағы сабақтастық сақталып, белгісіздік жағдайы жойылмақ. Осының бәрі қоғамда орнықтылықты, елде келісімді сақтау үшін, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін аса қажет қадам», - деді Бахтияр Мәкен.

Өз сөзінде «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев: 

«Жастар саясаты үшін де бұл шешімнің орны айрықша. Өйткені, жас буын, жас ұрпақ өзін еліннің толыққанды азаматы ретінде сезініп, өз конституциялық құқығын қолдана алады. Ал биліктің ауысуындағы сабақтастық, қоғамдық орнықтылық әр салалардағы реформаларды аяғына дейін жеткізуге, ірі жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.