Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Ақтау полиция басқармасында «Адалдық дүкені» ашылды

1134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы Полиция басқармасындағы «Адалдық дүкенінің» ашылуына Агенттіктің аумақтық департаментінің басшылығы, Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов, орынбасары Жанар Ерғалиева мен қызметкерлері қатысты.

Ақтау полиция басқармасында «Адалдық дүкені» ашылды

103-ші болып ашылған «Адалдық дүкенінің» сөресінде сусындар мен тәттілер, ыстық бәліштер және басқа да тағам түрлері бар.

Агенттіктің аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова мұндай дүкендердің ашылуы қоғам мен азаматтар арасындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға, мейірімді, адал болуға және өзін-өзі дамытуға бағытталғанын атап өтті.