Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында Stopfake09 Telegram-арнасы іске қосылды

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таралған хабарламалардың ақ-қарасын анықтау мақсатында Stopfake09 Telegram-арнасы іске қосылды.

Қарағанды облысында Stopfake09 Telegram-арнасы іске қосылды

Аталған арнаның көмегіне сүйене отырып, желі пайдаланушылары кез келген ақпараттың рас-өтірігін анықтауға мүмкіндік алды. 

Telegram-арнаға t.me/Stopfake09 сілтеме бойынша жазылуға болады. Бұл жерде  жалған таратылымдар туралы өзекті ақпарат жарияланады. Осы сілтемеде ұсынылған форманы толтыру арқылы кез келген жаңалықтың рас немесе өтірік екенін тексеруге болады.

Қызмет көрсетудің мұндай түрі кез келген уақытта жіберілетін ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге және жалған хабарламалардың санын азайтуға мүмкіндік береді.